Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Таразым – тамаша, Жамбылым – жаңаша!»

«Таразым – тамаша, Жамбылым – жаңаша!»

«Баласағұн» орталық концерт залында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Жамбыл облысының 80 жылдығы мен Халықаралық Студенттер күні меркелеріне арналған «Таразым – тамаша, Жамбылым – жаңаша!» атты концерт өтті. Концертте «Ақкербез» би ансамблі, «Айша бибі» фольклорлық-этнографиялық би ансамблі, «Кәусар» вокалдық ансамблі, Құрмаш Қуанышбаев, Әскербек пен Жанна, Қайсар Көкішев т.б. эстрада әншілері қатысты. ҚР Мәдениет саласының үздігі Айгүл Мақашеваның орындауында «Таразым» әнімен ашылған концертте жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан да студенттер де өнерлерін паш етті. Олар: Тараз иннвациялық колледжінен Олжас Кәрібаев, Диас Түймебаев, «Тараз-сервис» колледжінен Ернар Атабай, «Болашақ» колледжінен Асқар Орынбасаров, Нұртілеу Қабылбек, «Астана» колледжінен Айдана Әмірбаева, «Тараз-ғасыр» колледжінен Нұржас Егінбай, Тараз политехникалық колледжінен Жаннұр Орынтаева, «Білім» колледжінен Ержігіт Сыдықов және Алматы экономика және статистика колледжінен Абзал Сатылғанов. Мерекелік кешке белсене қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен студенттер Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы директорының Алғыс хатымен марапатталды.