Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / "Жеңіс үшін рахмет!" танымдық онлайн концерт өтті

"Жеңіс үшін рахмет!" танымдық онлайн концерт өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырмасымен «7 мамыр - Отанқорғаушы күні» мен «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекелеріне орай, Жеңістің 75 жылдығын паш ету, Отанға құрмет, ардагерлер ерлігіне тағзым ету, жеңіс және патриоттық әндер мен күйлерді жаңғырту, төтенше жағдайда халықтың бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын бекітіп, онлайн форматында түрлі челлендждер, акциялар, онлайн концерттер өткізуде.

8 мамырда «Баласағұн» ОКЗ-да 16.00-де коронавирустан сақтану шараларын басшылыққа ала отырып «filarmoniyataraz» инстаграмы парақшасында тікелей эфир арқылы «Жеңіс үшін Рахмет!» атты танымдық онлайн концерт берілді.

Концерт барысында «Кестелі орамал», «Ана туралы баллада», «Қазақ солдаты», «Бейбітшілік анасы тіршіліктің», «Ардагерлер маршы», «Мәншүк», «Ән сал, сарбазым», «Ах Самара-городок», «В землянке», «Помним», «Синий платочек», «Ах, эти тучи в голубом», «Журавли», «Катюша», «Смуглянка», «День победы» әндері шырқалды.