Бейбітшілік сағаты өтті
19 қыркүйекте Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «21 қыркүйек – Бүкіләлемдік бейбітшілік күніне» арналған «Ел тілегін алып ұш, адамзаттың бағына...» атты бейбітшілік сағаты өтті. Игі шараға өңірдегі этнос-өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен студент жастар, директор орынбасары Жандос Омаров қатысып, облыстық филармония әншілері Алмас Қырғызалиев, Нұргүл Абдрашова, Лаура Бексұлтанова және Арайлым ҚҰрымбетова өнер көрсетті.