Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Өмірімнің өзі – ДАСТАН!» атты шығармашылық кеш өтті

«Өмірімнің өзі – ДАСТАН!» атты шығармашылық кеш өтті

21 қыркүйекте «Баласағұн» орталық концерт залында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Алатау» фольклорлық ансамблінің Көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Дастан Көрегеннің «Өмірімнің өзі – ДАСТАН!» атты мерейтойлық шығармашылық кеші өтті. Кеш қонақтары: Күйші-композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров, Астана қаласы әкімдігінің «Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясынан Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбектің жетекшілігіндегі «Қорқыт» этно-фольклор тобы, Түркістан облысы, Сайрам ауданынан Жанат Серікбаеваның жетекшілігіндегі «Ақсу» фольклорлық ансамблі, Байзақ ауданынан Сәуле Сүйінішбекованың жетекшілігіндегі «Шолпан» ән-би ансамблі, ҚР Мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов, «Шаншар» театрының директоры Уалибек Әбдірайымов, «Алатау» фольклорлық ансамблі, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Айгүл Мақашова және Айжан Қонарбаеваның жетекшілігіндегі «Ақкербез» би ансамблі, сонымен қатар Мәдина Бердиярова, Динара Диханбаева, Жансая Сәрсенбаева, Қырғыз Республикасы маданиятынын мыкты кызматкери, Республикалык кароо-сынактын лауреаты, «Алтын Шатыр» Президенттик стипендиаты, залкар комузчу Асел Абылгазиева, Кыргыз Республикасы маданиятынын мыкты кызматкери, Эл аралык кароо-сынактарынын лауреаты Алтынай Коробаева. Кеш соңында мерейлі кеш иесіне сый-құрметтер көрсетілді.