Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ғасырдың дара тұлғасы» тақырыбында еркін форматта пікірлесу өтті

«Ғасырдың дара тұлғасы» тақырыбында еркін форматта пікірлесу өтті

9 қаңтарда Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай «Ғасырдың дара тұлғасы» тақырыбында еркін форматта пікірлесу өтті.

Іс-шараға ардагер, журналист Тұрсынхан Толқынбаев, Жамбыл Облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Аналар алқасының комиссия төрайымы Оспанова Хадиша, Қонаев атындағы қордың Жамбыл филиалының директоры Қибат Асқарбеков, «Филология» ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Сәмен Құлбарақ, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Ақмарал Естемесова, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әртісі Бақыт Шағырбаев қатысты.

Кемеңгер тұлғаның қоғамға, мемлекетке және халқына сіңірген өлшеусіз еңбегін, ерлікке толы өмір жолын ұлықтап, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада қонақтар Д.А.Қонаевтың өмірі мен қызметі жайында құнды деректермен бөлісіп, оның ұлт үшін жасаған еңбектеріне тоқталып, ал кітапхана қызметкерлері тұлғаның даналық сөздерін оқып, кемеңгер тұлғаны құрметпен еске алды.