Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Конкурстар / «Көне Тараз күмбірі» ІІІ Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті

«Көне Тараз күмбірі» ІІІ Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті

2024 жылдың 14 маусымы күні Тараз қаласында «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстың 85 жылдығы және Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына арналған «Көне Тараз күмбірі» ІІІ Республикалық фольклорлық ансамбльдер конкурсы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараның мақсаты: Жамбыл облысының 85 жылдығы және Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығын паш ету, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету, ұлттық мәдениетті сақтау және дамыту, қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, фольклорлық ұжымдармен тәжірибе алмасу, сондай-ақ өскелең ұрпақты адамгершілік пен патриоттыққа тәрбиелеу бағытында дәстүрлі өнер жанрындағы туындыларды насихаттау, фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуінде қазақтың көне аспаптарын танытуға арналған (шертер, жетіген, қыл қобыз, сыбызғы, сазсырнай т.б) жаңа туындылардың авторларын танымал ету, олардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасау, еліміздің концерттік ұйымдарының репертуарын толықтыру, көрермендердің дәстүрлі өнерге қызығушылығын арттыру.

Конкурс салтанатты түрде басталды. Алғашқы құттықтау сөз облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлына берілді.

Бұл күні Жамбыл облысының 85 жылдығы мен Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына  арналған жаңа ән-күйлерден шашу шашылды. Айтулы өнер додасына республикамыздың түпкір-түпкірінен келген өнер ұжымдары мен дарабоз әнші-күйшілер қатысты. Олар: «Ақсу» фольклорлы халықтық ансамблі - Түркістан облысы, «Науалы саз» ансамблі - Маңғыстау облысы, «Алаш» этно-фольклорлық ансамблі - Орал қаласы, «Қобыз сарыны» этнографиялық фольклорлық ансамблі - Алматы облысы, «Бәйтерек» фольклорлық ансамблі - Батыс Қазақстан облысы, «Bastau» фольклорлық ансамблі – Ақтөбе облысы, Өрлеу» фольклорлық ансамблі - Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, «Аса сазы» фольклорлық ансамблі - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, «Меркі әуендері» ансамблі - Жамбыл облысы, Меркі ауданы, «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі - Жамбыл облысы, Шу ауданы, Қазақ елі» этно тобы - Жамбыл облысы, Тараз қаласы, «Шолпан» халықтық ән-би ансамблі - Жамбыл облысы, Байзақ ауданы.

Қазылар алқасының құрамында елімізге белгілі өнер шеберлері болды. Олар: төраға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің дирижері Айсын Жексен Қуанұлы; Құрамы: Қазақстанның еңбек сіңірген артісі, «Құрмет» орденінің иегері, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Қазақ мемлекеттік академиялық фольклорлық этнографиялық оркестрінің дирижеры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры Бегендіков Жалғасбек Әмірханұлы; Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, күйші-композитор Рысметов Ержан Ходжабергенұлы; ҚР Мәдениет саласының үздігі, әнші-композитор Омаров Жандос Әскербекұлы.

Республикалық конкурста ансамбльдер 4 шығарма орындады.

«Жаңарған Жамбылым» атты думанды концерт берілді. Концертке конкурстың лауреаттары мен Сарысу ауданы білім бөлімінің Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің Ықылас Дүкенұлы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі қатысты.

Ансамбльдерді құттықтап, «Көне Тараз күмбірі» атты партитуралар жинағының тұсауын Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Құралбайұлы Илебаев кесті.

Конкурс аясында көне аспаптарды дәріптеуге арналған «Көне Тараз күмбірі» атты жаңа туындылардың партитуралар жинағының тұсауы кесілді. Жеңімпаздар марапатталып, дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Конкурста өнер көрсеткендері үшін барлық ансамбльдерге Алғыс хат және 150 000 теңге қаржылай ынталандыру сыйақысы беріледі: «Алаш» этно-фольклорлық ансамблі - Орал қаласы; «Бәйтерек» фольклорлық ансамблі - Батыс Қазақстан облысы; Өрлеу» фольклорлық ансамблі - Жамбыл облысы, Сарысу ауданы; «Аса сазы» фольклорлық ансамблі - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы; «Меркі әуендері» ансамблі - Жамбыл облысы, Меркі ауданы; «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі - Жамбыл облысы, Шу ауданы; Шолпан» халықтық ән-би ансамблі - Жамбыл облысы, Байзақ ауданы.

ІІІ орын - лауреат белгілері және 500 000 теңгенің сертификат иегерлері: «Bastau» фольклорлық ансамблі – Батыс Қазақстан облысы, «Қобыз сарыны» этнографиялық фольклорлық ансамблі - Алматы облысы.

ІІ орын -  лауреат белгісі және 600 000 теңгенің сертификат иегері: «Ақсу» фольклорлы халықтық ансамблі - Түркістан облысы.

І орын - лауреат белгісі және 800 000 теңгенің сертификат иегері: «Науалы саз» ансамблі - Маңғыстау облысы.

Бас жүлде – лауреат белгісі және 1 000 000 теңгенің сертификат иегері: «Қазақ елі» этно тобы - Жамбыл облысы.

Іс-шарада қонақтар облыстық «Жамбыл» өлкетану музейінің жылжымалы көрмесін тамашалады.