Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Әдеби жұлдыздар ансамблі» атты рухани-музыкалық танымдық кеш өтті

«Әдеби жұлдыздар ансамблі» атты рухани-музыкалық танымдық кеш өтті

Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы мен Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

23 қыркүйекте Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы және К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония бірлесе отырып, қазақ вальсінің королі атанған ән патшасы – Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл және қазақ ән өнерін жаңа белеске көтерген композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Әдеби жұлдыздар ансамблі» атты еске алу кешін ұйымдастырды.

Шара барысында қазақ музыка өнерінің майталмандарының өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнематериалдар көрсетіліп, әндерінің шығу тарихы таныстырылды. Сонымен қатар Ш.Қалдаяқов туралы түсірілген «Ән аға» фильмінен үзінді ұсынылды.

Кештің көркемдік бөлігі К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әншілерінің орындауындағы Ш.Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Өмір-өзен», «Арыстың жағасында» және Е.Хасанғалиевтің «Айналайын», «Айналдым елім» әндерімен жалғасты.

Сондай-ақ мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Бозторғай» үлгілі ән-би ансамблі «Тарту» және «Шаттық» билерін орындап, кешке ерекше реңк берді.

Шара аясында кітапхана сөресіндегі ұлы композиторлар туралы еңбектерден көрме ұйымдастырылып, көрермендер назарына ұсынылды.

Еске алу кеші Е.Хасанғалиевтің елдік пен отансүйгіштіктің символына айналған «Атамекен» әнімен түйінделді.