Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Асыл қазына – ардақты қария» атты мерекелік іс-шара өтті

«Асыл қазына – ардақты қария» атты мерекелік іс-шара өтті

1 қазан күні Достық үйінде «Асыл қазына – ардақты қария» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында қатысушыларға құттықтаулар айтылып, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді, сонымен қатар шығармашылық концерттік бағдарлама ұсынылды. Аға буын өкілдерін мерекемен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Қасымқызы Жинақбаева құттықтады. Сондай-ақ, құттықтау сөздерін Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Ғұлам Умаров, М. Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Мухабат Турдыева, «Днепро» этномәдени бірлестігінің төрағасы Федор Клименко, Қытай мәдени орталығының төрағасы Галина Воробьева, «Архыз» қарашай-балқар мәдени бірлестігінің төрағасы Леля Узденова, Жамбыл облысы бойынша «Қазақстандық татарлар мен башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиал төрайымы Фарида Нақыш жеткізді.

Концерттік бағдарламада Қазақстанның белгілі өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары – «Тараз» триосы, Оңал Азаматова, Ғани Мәтебаев, Нұргүл Абдырашова, «Вдохновение» хореографиялық ансамблі өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өмірлік тәжірибесі мен парасатымен үлгі болып жүрген аға буын өкілдері өздеріне арналған шарадан ерекше әсермен тарқасты.

Сондай-ақ, 1 қазан күні «Ардагерлер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің «Қарттарымызды қамқорлай жүрейік!» атты акциясы аясында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарында қайырымдылық концерттер ұйымдастырылды.

№1 орталықта – «Қарттарым, аман-сау жүрші!» атты қайырымдылық концерті өтті. №2 орталықта – «Қариялар – елімнің қазынасы!» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.