«Тараз» триосы мен Құрмаш Қуанышбаев өнер көрсетті
5 қазан күні Ош қаласында Қырғыз Республикасының Президенті С.Н. Жапаровтың қатысуымен Қала күні мерекесіне арналған концерт өтті. Іс-шараға К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Тараз» триосы мен әнші Құрмаш Қуанышбаев қатысып, өнер көрсетті. Бұл игі шара Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 21–22 тамыз күндері Қырғыз Республикасына жасаған ресми сапары барысында бауырлас екі мемлекеттің арасындағы өзара достықты, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылды.