Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Германия мемлекетінің Саарбрюккен қаласында концерт өткізді

Германия мемлекетінің Саарбрюккен қаласында концерт өткізді

Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени ынтымақтастық өзара түсіністік пен сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарып, екі елге дәстүр мен өнер жетістіктерін танысуға жол ашып отыр.

Осы бағыттағы байланыстарды одан әрі дамыту және халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасын неміс қоғамына кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Елшілігі Германияның Саарбрюккен қаласында мәдени шаралара өткізді.

Аталған бастама аясында 2025 жылдың 14 қазан күні Қазақстан Республикасының күніне орай К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Қазақстан – құтты мекенім» атты концерттік бағдарлама ұсынды.

Бұл шара ұлттық өнеріміздің байлығы мен бірегейлігін паш етіп қана қоймай, Қазақстан мәдениетінің халықаралық деңгейде танымалдығын арттыруға ықпал етті. Өнерпаздардың халықаралық қатынасына Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан да қолдау көрсетілді.