Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Жалпы ұлттық коалиция мүшелері филармонияның әртістерімен кездесу өткізді

Жалпы ұлттық коалиция мүшелері филармонияның әртістерімен кездесу өткізді

2026 жылғы 18 ақпанда Тараз қаласында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы қызметкерлері және әртістерімен кездесуі өтті.

Кездесуге Тараз қалалық мәслихатының депутаттары, филармония ұжымы мен өнер өкілдері қатысты. Жиынды филармония басшылығы ашып, келген қонақтарды таныстырды.

Алғаш болып сөз сөйлеген Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Олжабай Кенжебек Мамашбайұлы Конституциялық бастамалардың маңызына тоқталып, елдегі әділеттілік қағидаттарын нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Одан кейін Тараз қалалық мәслихатының депутаты Абдинова Эльмира Елеусізқызы сөз алып, халықтық Конституция ұғымының мазмұнын түсіндіріп, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Жамбыл облысы мәслихатының депутаты Қарабеков Алтай Зауытбекұлы өз сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдениет саласының рөлі және заңнамалық өзгерістердің халық өміріне ықпалы жөнінде пікір білдірді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, ұсыныстар мен ой-пікірлер ортаға салынды.

Кездесудің мақсаты – Конституциялық бастамаларды түсіндіру, қоғам өкілдерімен кері байланыс орнату, әділетті және прогрессивті Қазақстан құру жолындағы реформалардың мән-маңызын талқылау, мәдениет саласы қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды.

Іс-шара өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.