Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Сыр мен саздың саңлағы» атты әдеби-танымдық кеш өтті

«Сыр мен саздың саңлағы» атты әдеби-танымдық кеш өтті

Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Талас ауданының Құрметті азаматы, ақын Нарша Қашағанұлының 75 жылдығына арналған «Сыр мен саздың саңлағы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты – қазақ поэзиясында өзіндік үні бар сыршыл ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның бай рухани мұрасын оқырман қауымға таныстыру және жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты тағылымды естеліктер айтылып, замандастары мен әріптестері жүрекжарды лебіздерімен бөлісті. Сонымен қатар, ақынның таңдаулы өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндерден К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды.

Ақынның өз дауысымен оқылған жырлары негізінде дайындалған бейнеролик көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Шараға белгілі қаламгерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Ақын мұрасы – ұлт руханиятының асыл қазынасы. Нарша Қашағанұлының шығармалары уақыт өткен сайын маңызын жоғалтпай, келер ұрпаққа рухани бағдар болып қала бермек.