Көңілдерді тербеген “Кездер-ай” ретро концерті алтыншы мәрте ұйымдастырылды
К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы көрерменге сағынышқа толы сырлы әндер мен әсем әуендерден тұратын «Кездер-ай» атты ретро-концерттік бағдарламасын ұсынды. Көрермен жүрегінен орын алған концерттік жобаға 6 жыл толды.
Биылғы бағдарламада Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев сынды тұлғалардың шығармашылығындағы туындылар қамтылды. Кеш барысында өнер майталмандарының өлмес туындылары орындалып, көрерменге ерекше әсер мен өткен күндердің әдемі естелігін сыйлады.
Концерттік бағдарламаға филармонияның шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары, атап айтқанда, «Тараз» циркі, «Ақкербез» би ансамблі, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «FirДауыс» квартеті және Жазира Сметова, Балжан Ділдабекова, Мадина Сағынбекова, Динара Диханбаева, Ғани Мәтебаев, Бақберген Сметов, Әлібек Малдыбаев, Жұлдыз Өксікбаева, Гүлшат Тинасилова, Мадина Бердиярова, Диас Әбілеков, Айгүл Есекеева, Орынбасар Бақытұлы, Гүлжан Шәріпхан, Гүлназ Мамыраемова, Маралбек Бабақұлов, Торғын Орынбаева, Айгүл Мақашова, Әлішер Балтаев, Азамат Алмереков, Қайсар Көкішов қатысты.
Сағыныш пен сырға толы кешті Ақмарал Ахметова мен Берекет Қосбергенов тізгіндеді.
Алдағы уақытта «Кездер-ай» ретро-концерттік бағдарламасын облыс аудандарының орталықтарында да өткізу жоспарлануда.
Концерттің басты мақсаты – ұлттық музыка өнерінің алтын қорын насихаттау, қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын ұлықтау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
31 Қазан 2026
23
29 Сәуір 2019