Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ұлы дала сарыны» атты концерттік бағдарламасы

«Ұлы дала сарыны» атты концерттік бағдарламасы

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының

Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің «Ұлы дала сарыны» атты концерттік бағдарламасы

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында сағат 17.00-де,Тараз қаласында, Қазақ-түрік лицейіндеК. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің «Ұлы дала сарыны» атты концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Мақсаты:Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге және мәдениетке баулу, қазақ композиторларының шығармаларын және халық музыкасын таныту.

Өңіріміздің ұлтттық өнерінің жанашыры ретінде ел ішіндегі өнерпаздардың өсуіне қолдау танытып, халқымыздың бай қазынасы – дәстүрлі өнерді дәрiптеу мақсатында 2011 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысының әкімінің қолдауымен Жамбыл облыстық филармониясы жанынан «Қазақ ұлттықаспаптар оркестрі» құрылды.

Оркестр құрылғаннан күннен бастап көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ж.Нұржауов, бас дирижеры – К.Серімбетов жетекшілік еткен. Қазіргі кезде оркестрдің бас дирижеры – Халықаралық конкурстардың лауреаты – Адай  Жұмат, дирижеры – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Рахманқұлов, көркемдік жетекшісі – Д.Байзілдаев.

Оркестр ұжымымен КСРО және ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Б.Төлегенова, ҚР Еңбек сіңірген әртісі М.Мұхамедқызы, Астана қаласы мемлекеттік филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор А.Жайымов, Е.Жолдасов, О.Жауыров сынды дирижерлар мен өнер майталмандары концерттерде өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада «Көңіл ашар» «Жез киік» «Аққу» «Кең жайлау» «Көкек» «Желдірме» «Ерке сылқым» «Атадан мұра» «Туған ел» «Ыңғай төк» «Көк дауыл» «Hüseyni» «Ақсақ құлан» күйлері орындалды. Сондай-ақ, әлем музыка классикасының үздік жауһарларынан бастап, қазақ музыка классикасының, композиторларының төл шығармалары мен жаңа заман талабына сай өңделген туындылары көрермен назарына ұсынылды. Қазақ ұлттық аспаптары жайлы сұрақтарға оқушылар жарыса жауап беріп, білімдерін шыңдай түсті.

Бағдарламада: ҚР Мәдениет саласының үздігі Жанатбек Кәдіров,  филармонияның жас таланттары, Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаттары: Е. Ибаділдаев, Д.Байзілдаев, Ә.Абдуалиева, Д.Әбілеков, Б.Муминов, Д. Әбілеков және т.б. өнер көрсетті.

Оркестрдің әуелетіп ойнаған әрбір шығармасы тыңдаған жанға рухани ләззат сыйлағаны анық.

Маржан Есенқұлова – жарнама менеджері: 8-776-668-60-06, +7 (7262) 342861

Қосымша мәліметтер «facebook» және «filarmoniytaraz» «instagram» әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар «zhofil.kz» ЖОФ-ның ресми ақпараттық сайтында жарияланған.