Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Жез Киік» қобызшылар конкурсы

«Жез Киік» қобызшылар конкурсы

І Облыстық «Талас толқындары – 2019» музыкалық өнер фестивалі аясында өтетін ЫҚЫЛАС ДҮКЕНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ «ЖЕЗ КИІК» ҚОБЫЗШЫЛАР КОНКУРСЫ

2019 жылдың 15-наурызында Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлы атындағы Облыстық «Жез киік» қобызшылар конкурсын өткізді. Конкурстың аудандық кезеңі аудандардың мәдениет үйлерінде 2019 жылдың 1-ақпанында, облыстық кезеңі Тараз қаласында «Баласағұн» ОКЗ-да 15-наурызда ұ       йымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларынілгерілету, Дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлының күйлерін кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, дарынды жастарды қобыз аспаптарын меңгеруде кәсіби шеберліктерінің өсуіне ықпал жасау,  оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Байқауға 15 жастан жоғары үміткерлер,  қылқобыз және сымқобыз аспабы бойынша әуесқой орындаушылар және халық арасынан шыққан тума таланттар да қатыса алады. Конкурс аудандық және облыстық деңгейлерден тұрады.

І аудандық конкурс – он аудан және Тараз қаласы бойынша 1 ақпанда өтті. Аудандық кезеңде әділ-қазылық еткен облыстық филармонияның Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің мамандары болды. Олар: оркестрдің көркемдік жетекшісі – Дулат Байзилдаев, оркестр дирижерлары – Адай Жұмат пен Мұхтарбай Рахманқұлов, қобызшылар –Рауан Аблқасов, Әскербек Досанов, Балнұр Солтанбекова және домбырашы – Дидар Басығараев.

         Комиссия мүшелері облыс елді-мекендерін аралап, конкурстың аудандық іріктеу кезеңін аудан әкімдіктерімен ұйымдастырды. Аудандық іріктеу кезеңі аудандардағы және Тараз қаласының мәдениет үйлерінде өтті.

Жалпы аудандық іріктеуге қатысушылардың саны – 39 адам. Соның ішінде Байзақ ауданынан – 7, Жамбыл ауданынан – 2, Жуалы ауданынан – 2, Қордай ауданынан – 7, Меркі ауданынан – 6, Мойынқұм ауданынан – 2, Сарысу ауданынан – 4, Тұрар Рысқұлов ауданынан – 1, Талас ауданынан – 1, Шу ауданынан – 2 және Тараз қаласы бойынша – 5 үміткер.

Іріктеуден өткендердің жалпы саны – 27 адам. Соның ішінде, Байзақ ауданынан – 4, Жамбыл ауданынан – 2, Жуалы ауданынан – 2, Қордай ауданынан – 4, Меркі ауданынан – 3, Мойынқұм ауданынан – 2, Сарысу ауданынан – 3, Тұрар Рысқұлов ауданынан – 1, Талас ауданынан – 1, Шу ауданынан – 1 және Тараз қаласы бойынша – 4 үміткер облыстық конкурсқа жолдама алды.

ІІ облыстық конкурс – Тараз қаласында өтті.Үміткер облыстық конкурста үш шығарма орындады.

1-ші Ы.Дүкенұлының бір күйін;

2-ші қылқобыз және сымқобызға арналған бір күй /фортепианоның сүйемелдеуімен/;

3-ші қобызға арналып өңделген бір күй /өз қалауы бойынша/.

/Ескерту: І кезеңде орындалған шығармалар ІІ  кезеңде қайталанбайды./

Облыстық конкурстың қазылар құрамы:

Гүлназ Шабанбаева – Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы

Сәуле Маманова – Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі, Жамбыл ауданы әкімдігінің Білім бөлімінің М.Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің қобыз пәнінің мұғалімі

Мұхтарбай Рахманқұлов – композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

     Марапаттау жүлделері:

Бас жүлде – 500 000 теңге х 1

І орын – 300 000 теңге х 1

ІІ орын – 200 000 теңге х 2

ІІІ орын – 150 000 теңге х 2

Дипломат –50 000 теңге х 6

Облыстық «Жез киік» қобызшылар конкурсының нәтижесі бойынша:

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІ:

Бас жүлде иегері: Әбілқасов Рауан – Тараз қаласы

І орын иегерлері: Қазыбек Малдыбаев – Жамбыл ауданы; Айша Бердімұратова – Меркі ауданы

ІІ орын иегерлері:Атабек Дана – Байзақ ауданы; Гүлназ Қали – Мойынқұм ауданы

ІІІ орын иегерлері:Мадина Байзілдаева – Тараз қаласы; Айжан Шарипханова – Қордай ауданы

Дипломанттар: 1. Жанар Меирбекова

2. Аида Бекназарова – Байзақ ауданы

3. Айтолқын Ташполат – Жуалы ауданы

4. Ұлжан Кенесалиева – Тараз қаласы

5. Орманова Айшабибі – Т. Рысқұлов ауданы

6. Айгул Мизамбаева – Сарысу ауданы

7.  Еркеназ Сауранбек – Талас ауданы

8. Жұлдыз Алайдарова – Байзақ ауданы

Алғыс хат иегерлері:

Жанар Сатимбай – Жамбыл ауданы

Шынарай Мешітбаева – Қордай ауданы

Нұрмат Ташенов – Меркі ауданы

Рәббия Болатхан – Шу ауданы

Жанерке Нұрханова – Байзақ ауданы

Меруерт Алдабергенова – Жуалы ауданы

Айнұр Әбілова – Тараз қаласы

Райхан Байбетова – Қордай ауданы

Барлық қатысушылар Ықылас Дүкенұлының ұрпағы, ҚР Журналисттер одағының мүшесі Гүлнар Жанкенқызы Есмаханованың Алғыс хатымен марапатталды.

Ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі өнерпаздардыӊ шығармашылығын насихаттау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуде ұйымдастырылып отырған конкурстың маңызы зор. Сан ғасырлар өтсе де, сыны мен сырын жоғалтпай, саф алтындай сақталып келген халықтық асыл мұрамыз – дәстүрлі музыка жаӊғырған байқаудың көрермен мен қатысушыларға ерекше әсер сыйлайғаны анық.

Маржан Есенқұлова – жарнама менеджері: 8-776-668-60-06, +7 (7262) 342861

Қосымша мәліметтер «facebook» және «filarmoniytaraz» «instagram» әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар «zhofil.kz» ЖОФ-ның ресми ақпараттық сайтында жарияланған.