Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Амфитеатрда» концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

«Амфитеатрда» концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

Облысымыздың 80 жылдығына орай Театр алдына орнатылған Асқар Тоқпановтың ескерткішінен бастау алған игі іс-шаралар легі таңғажайып "Тектұрмас" этно-тарихи кешенінің, Қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі Кенен Әзірбаевтың ескерткішінің, қалалық мәдениет үйінің маңындағы «Әуендер әлемі» аллеясы, ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараларға арналған концерттік бағдарлама «Көне Тараз» тарихи – этномәдени кешеніндегі «Амфитеатрда» жалғасын тапты. ҚР еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова Қазақстанның мәдениет қайраткері Гүлмира Ақүрпекова, Гүлнұр Өмірбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Саят Медеуов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылхан Шүңіреков бастаған «Тараз» триосы, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі Тахмина Әшімбекова, Қарлығаш Қожағазина және облыстық филармония әншілері өнер көрсетті.

Сонымен қатар «Көрме павильонында» салтанатты жиынға арналған мерекелік концерт ұсынылды. Концертке облыстық филармония өнерпаздары мен танымал өнер шеберлері: Қазақстанның және Қырғызстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова және «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Ақкербез» би ансамблі, ҚР Мәдениет қайраткері, күйші, композитор Аман Малдыбаев, Халықаралық конкурстардың лауреаты, Мемлекеттік Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартеті, Халықаралық конкурстардың лауреаты «Аңсар» триосы қатысты. Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары! Облысымыздың 80 жылдығымен баршаңызды құттықтай отырып, еліміз, жеріміз жайнап, көркейе берсін деп тілейміз. Жамбылым жайнай берсін! Жасай берсін!