Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Кенен Әзірбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты

Кенен Әзірбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты

2019 жылдың 25 желтоқсаны күні Қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі Кенен Әзірбаевтың ескерткішінің ашылу салтанаты облыс 80 жылдығы аясында «Баласағұн» ОКЗ ауласында өтті. Қалың көпшілікке «Мен сүйемін халқымды» атты композициясы ұсынылды. Композицияда Кенен Әзірбаевтың «Құлақ» күйі, әуендеріне қойылған «Ақкербез» би ансамблі мен «Кәусар» вокалдық ансамблінің орындауындағы «Жайлауда» биі, «Шырқа, даусым!» әнін орындалды.

Дәстүрлі әнші Ерлан Ибәділдаев Кенен ата рухына арнау әнді орындады. Ал ескерткішті ашу Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевқа, Жамбыл облысының құрметті азаматы Сүгірбаев Төлеу Аманжолұлына және Кенен атамыздың ұрпағы Мұрат Кененовқа берілді.

Жамбыл облысының жұртшылығы атынан гүл шоғын облыс әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы және ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметуллақызы қойды. Зиялы қауымның атынан гүл шоғын Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев пен Жамбыл облысының құрметті азаматы Сүгірбаев Төлеу Аманжолұлы қойды. Сөз алған Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаев облыс әкіміне жасалып жатқан жұмыстарға, атқарылған іс-шараларға алғысын білдірді. Кенен Әзірбаевтың ескерткішін Темірхан Көлжігіт Туғанбайұлы жасаған. 3 метр, мыспен қапталған, іші күйдіріліп, бетоннан жасалған мүсін «Баласағұн» ғимаратының сәнін келтіріп тұрғаны сөзсіз.