«Шәмші ғұмыр» спектакль-концерті өтті
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен "Шәмші ғұмыр" спектакль-концерті сақтық талаптарына сәйкес 50-ге жуық көрерменнің қатысуымен өтті. Концерт Қазақстанның халық әртісі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай жүзеге асты.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобасы аясында өткен шара К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының "Баласағұн" ғимаратында өтті.
Кеште ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың құттықтау сөзі қалың көпшілікке жеткізілсе, шара соңында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы құттықтау тілегін жеткізді.
"Шәмші ғұмыр" спектакль-концерті "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Ұлы даланың ұлы есімдері" арнайы жобасын ілгерілету, Қазақстанның халық әртісі, копозитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай халық арасында Шәмші әндерін және оның шығармашылығын насихаттау, қазақ өнері мен мәдениетіне көпшіліктің ықыласы мен қызығушылығын арттыру мақсатында іске асты.
Облыстық халық шығармашылығы орталығы іс-шараны үйлестірумен қатар, қолөнер шеберлері ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, суретші-мүсінші Қ.Аманқосов пен С.Бисеновтың туындыларын халық назарына ұсынды. Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы композитордың шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырса, облыстық тарихи-өлкетану музейі «Қазақ этнографиясы» экспозициясынан жасақталған көрме қойды. Кіре беріс фойеде кітап, қолөнер шеберлерінің көрмесі жасақталады.
Сондай-ақ, кеш барысында А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ұжымының И.Сапарбайдың "Сыған серенадасы" музыкалық драмасынан үзінділер қойылымы ұсынылды. Сондай-ақ, елімізге белгілі эстрада жұлдыздары Б.Самединова, Г.Ақүрпекова, Д.Таңатаров, С.Медеуов, С.Майғазиев, К.Жанәбілов қатысса, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері: "Тараз" триосы, О.Азаматова, М.Бабақұлов, Ғ.Мәтебаев, А.Мақашова және т.б. әншілері мен "Ақкербез", "Айша бибі" би ансамбльдері кешті бимен көркемдеді.