«Рахмет саған туған жер»
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында 1-наурыз күні сағат 15.00-де «Баласағұн» ОКЗ-да «Рахмет саған туған жер» атты онлайн мерекелік концертін ұсынды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында алғаш рет жыл сайын 1-наурызды барлық этностардың бір-біріне және түрлі этностардың қуғын-сүргін мен депортациялаужылдарында мейірімділік танытқан қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынғаны белгілі.
Осыған орай өткелі отырған концертте филармонияның эстрада әншілері өнер көрсетті.