Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Төрткүл төріндегі концерт

Төрткүл төріндегі концерт

2021ж. 17 сәуірде Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының "Алатау" фольклорлық ансамблі "Төрткүл" керуен сарайында концерттік бағдарлама ұсынды.

Өңіріміздің ұлтттық өнерінің жанашыры ретінде ел ішіндегі өнерпаздардың өсуіне қолдау танытып, халқымыздың бай қазынасы – дәстүрлі өнерді насихаттау мақсатында 2012 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облыстық филармониясынан «Алатау» фольклорлық ансамблі қайта құрылды. Бұл ансамбль 1970 жылы құрылған «Алатау» жастар ән-би ансамблінің ізін жалғастыра отырып, «Алатау» есімін қайта иеленді.

Ансамбльдің жетекшісі Халықаралық, Республикалық конкурстардың лауреаты Дастан Көреген.

Ансамбль саз сырнай, сыбызғы, жетіген, қыл қобыз, домбыра, шертер т.б. қазақтың көне аспаптарымен халықтың күйлері мен әндерін жоғары деңгейде насихаттап, көрермен ықыласына бөленіп жүр.