Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / 31 мамыр – қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

"СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ" тарихи-танымдық жоба. 31 мамыр – қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының қызметкерлері мен әртістері 31 мамыр – қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тарихи-танымдық обаны онлайн ұсынады. Өнер ошағында 1937-38 жылдары репрессияға ұшыраған арыстарымыздың рухына тағзым ету жыл сайын дәстүрге айналған.

1997 жылдан бастап «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. Деректер көзіне сүйенсек 1936-1938 жж. Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңы атылған. Тізімдегі 631 атылған адамның 80 пайызы қазақтың белгілі ұлт зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері Алаш арыстары еді.

Бұл жобаның басты мақсаты өткен ғасырдағы елдің басынан кешкен қиындығы мен ауыр тағдырын фото көріністер арқылы ұсыну, Алаш арыстарының жазықсыз жаламен репрессия құрбанына айналып, ал олардың туыстары халық жауы ретінде Ақмола лагеріне жабылып, сол бір соқыр саясаттың құрбандарына айналғанына көз жеткізу.

Қазақ үшін қайғы-қасіретті, тарих бетінде өз таңбасы қалған бұл жылдарды еш ұрпақ ұмытпақ емес.

Біздің борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған азаматтарының есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақ санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.