Өлеңге Жамбыл жүйрік, әнге Кенен
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында 28 мамыр күні сағат 18.00-де «Баласағұн» ОКЗ-да «ӨЛЕҢГЕ ЖАМБЫЛ ЖҮЙРІК, ӘНГЕ КЕНЕН» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
Концерт Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналды.
Концертте ҚР Мәдениет және Еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР Мәдениет саласының үздіктері, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары сонымен қатар «Ақкербез», «Айша Бибі» би ансамблдері, филармонияның дәстүрлі әншілері өнер көрсетті.