Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Бақытты балалық шақ» атты концерт өтті

«Бақытты балалық шақ» атты концерт өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 29 мамыр күні«Төрткүл» керуен сарайында 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Бақытты балалық шақ» атты концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

Аталмыш іс-шара Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы әртістерінің және «Балауса» циркінің өнерін паш етіп, мерекеде бүлдіршіндеріміздің көңілін көтеру мақсатында жүзеге асты.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі іс-шара барысында музей қорында сақталған бірегей жәдігерлерден жасақталған «Көне жәдігерлер - тарих қойнауынан жеткен құндылықтар» атты жылжымалы көрмесі мен Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Кітап патшалығы» атты кітап көрмесін жасақтап, кітап әлеміне саяхат ұйымдастырылды.

Көрмеге кітапхананың оқырмандары мен қала тұрғындары қатысып, ұсынылған әдебиеттермен таныса отырып, өздеріне қажетті қызықты мағұлмат алды.