«Жалынды жастар» атты қойылымы өтті
16 маусым"Баласағұн" ОКЗ-да мектеп оқушыларына және қаламыздың кішкентай қонақтарына арналған "Балауса" циркінің "Жалынды жастар" атты қойылымы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бастамасын іске асыру шеңберінде өткен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығынан» 24 бүлдіршін қойылымды тамашалауға арнайы шақырылды. "Балауса" циркінің жаңа бағдарламасы көрермендер көңілінен шығып, өнерпаздар ыстық ықыласқа бөленді.





16 Маусым 2021
881
26 Сәуір 2019