Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің концерті өтті

«Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің концерті өтті

12 мамыр күні Тараз қаласында «Баласағұн» ОКЗ-да Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Шыңырау» атты Қызылорда облыстық филармониясы «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблінің концерті өтті.

Концерт «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету, жергілікті композиторлардың шығармаларын насихаттау, ұлттық музыка өнерін жаңғырту, меморандум негізінде облыстық филармониямен тәжірибе алмасу мақсатында тарту етілді.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі: «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, қобызшы Салтанат Пұсырманова, концертмейстері: Алия Ахметова.

Кеш соңында «Қорқыт сазы» қызшылар ансамбліне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Е.Жүнісбайдың, облыстық филармония директоры С.Түктібаевтың Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары тарту етілді.

Жамбыл жұртшылығы Сыр елінің өнер шеберлеріне ризашылықтарын білдірді.