Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Кездер-ай» ретро әндер кеші өтті

«Кездер-ай» ретро әндер кеші өтті

«Әннің де естісі бар, есері бар» демекші, шаһарымыздың кәсіби өнер ордасында көптен күткен һәм сағына жеткен 55 жыл тарихы қалыптасқан филармония репертуарында дәстүрге айналған ретро әндер кеші өтті.

Бұл ән кешінде сағынышқа бай, махаббатқа толы, сырлы жастық шақты еріксіз көз алдына әкелетін сүйікті әндер шырқалды. Сахнаға шыққан әншілер махаббатты әнге сыйдырып, сол әнмен елді тербеген сыңғырлаған сазды үндері көптің көкейінде қалды. Сол бір ескі әндердің сөзінің, әнінің әлі күнге дейін тыңдарманға ерекше күй сыйлайтынын халықтың көзінен көруге болады. Өйткені сағындырған әндер аталарымыздың әжелеріміздің, ағаларымыз бен апаларымыздың махаббаттарының куәсі болған сағынышқа толы сазды әндері.

Иә, ретро әндерге күні бүгінге дейін жұрттың ықыласы ерекше. Мәнді де ырғақты әуендер өткен күннен сыр шертетін тамаша сәттерді тағы бір еске түсіруге ықпал ететіндігі сөзсіз. Филармонияның әртістері 70-80 жылдардың танымал әндерін шырқап,  көрермен қауымға ерекше сый тартты.

Жұртшылықты ретро әндермен сусындату мақсатында ұйымдастырылған кешті өңір тұрғындары көптен күткендей.