Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Тараз төріне Түркістандықтар Шәмші әндерінен шашу шашты

Тараз төріне Түркістандықтар Шәмші әндерінен шашу шашты

18 қазанда «Баласағұн» ОКЗ-да Түркістан облысына 5 жыл толуына және Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияға 60 жыл толуына орай Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасы Ш.Қалдаяқов атындағы филармония өнер шеберлерінің ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен «Менің Қазақстаным!» атты концерттік бағдарламасы өтті.

ҚР Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндерін насихаттау мақсатында «Менің Қазақстаным!» атты концерт жанды дауыста өтті. Концерттің мақсаты: Ұлттық рухани мұрамыздың ажырамас бөлігіне айналған Шәмші Қалдаяқовтың өміршең әндерін дәріптеу, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясымен мәдени ынтымақтастық қарым-қатынасты дамыту, тәжірибе алмасу.

Аталған концерттік бағдарламада «Сүгір» атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Алаш» вокалдық аспаптар ансамблі, «Яссы» би ансамблі және филармония әншілері өнер көрсетті. Кеш барысында өнер ұжымына Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлы Жүнісбайдың, Кенен Ата филармониясының Алғыс хаттары тапсырылды.