Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Марокко корольдігі, Рабат қаласында концерт өтті

Марокко корольдігі, Рабат қаласында концерт өтті

24 қазанда Қазақстан Республикасының Марокко корольдігіндегі елшілігінің ұйымдастыруымен еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күні Рабат қаласының концерт залында салтанатты түрде аталып өтті.

Саяси іс-шарада К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Қазақстан – достықтың берік тұғыры!» атты концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Бағдарламада: Дулат Байзілдаевтың жетекшілігіндегі Қазақ оркестрінің жанынан құрылған «Қазақ елі» ансамблі, Айжан Қонарбаеваның жетекшілігіндегі «Ақкербез» би ансамблінің бишілері Азиза Джусипова, Әсем Сеңгербаева, әншілер Жандос Омаров, Мерей Абуева және Айна Қалмағанбетова өнер көрсетті.

Іс-шараға 100-ден аса мемлекеттің Елшілері қатысты.

Филармония әртістері жергілікті БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп, мерекелік құттықтауларын жолдады.

Марокко корольдігіндегі Қазақстанның Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы елге ыстық сәлемін жолдап, Жамбыл облысының әкімдігіне, өнер ұжымына алғысын білдірді.