Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ақкербез» би ансамблінің бишісі 3-ші орын иеленді

«Ақкербез» би ансамблінің бишісі 3-ші орын иеленді

ҚР МСМ «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК ұйымдастыруымен 2-4 қараша күндері Астана қаласында өткен Қазақ КСР Халық әртісі Дәурен Әбіров атындағы I Республикалық қазақ жеке ерлер биін орындаушылар конкурсына М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ХРГ 21-2 тобының 3-ші курс студенті, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы «Ақкербез» би ансамблінің бишісі Бақтияр Аршанбек қатысып, 3-ші орын лауреаты атанып, 100 000 теңгенің сертификатын иеленді. Қойюшы балетмейстері, ұстазы әрі жетекшісі Жанна Мырзақұлқызы Құрымбаеваға алғыс айтамыз.