Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Жалғыз арша» дәстүрлі әншілердің халықаралық байқауы өтті

«Жалғыз арша» дәстүрлі әншілердің халықаралық байқауы өтті

Абай облысында әлемді әнмен тербеткен ұлы дала дүлдүлі Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Жалғыз арша» дәстүрлі әншілердің халықаралық байқауы өтті.

Өнердің парқын терең білетін әділқазы тарапынан жоғары баға алған қатысушылар Әміре әндерін тамылжыта шырқады.

Халықаралық байқауға еліміздің әр өңірінен және шет мемлекеттерден келген 49 қатысушы қатысты.

Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков өнерпаздарға Абай елі атынан алғыс білдірді.

Жамбылдықтар атынан Кенен Ата филармониясының әншісі Мерей Әбуева өнер көрсетіп, дипломант атанды.

Әділқазылар құрамында Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали, Қазақстанның өнер қайраткері Амангелді Жікенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Айтбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбек, ҚР мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев болды.