Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Шаһар төрінде «Тараз» триосының мерейтойы атап өтілді

Шаһар төрінде «Тараз» триосының мерейтойы атап өтілді

Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері «Тараз» триосының 50 жылдық мерейтойына орай шығармашылық концерт өтті.

Мерекелік концертке ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, трионың алғашқы құрамындағы өнер майталмандары және де қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Беспаев өнердегі ағаларын арнайы құттықтап келді. Сондай-ақ, халық сүйіп тыңдайтын әндерін орындады.

Концерт барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев трионы 50 жылдықтарымен құттықтап, алдағы уақытта да тыңдарманын қуантып жүре берулеріне тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Ербол Шырақбайұлы, ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев “Алатаудан басталған әуен” атты кітаптың және дисктің тұсауын кесті.

Айта кетейік, “Тараз” триосы 1974 жылғы Жамбыл облыстық «Алатау» халықтық-жастар эстрадалық ансамблінің құрамында құрылған. Алғашқы кезде жамбылдық домбырашы-әншілер триосы болып аталды. Репертуарында негізінен халық әндері, халық композиторларының әндері, жергілікті және республикаға танымал композиторлардың әндері бар.