Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Балауса» циркінің әртісі Талап Таубеков өнер көрсетті

«Балауса» циркінің әртісі Талап Таубеков өнер көрсетті

Қазақстандағы «Дара» қоры ұсынған «Тәлімгерлер» жобасы аясында Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Тәлімгер кемесі» атты корпоративті тәлімгер бағдарламасын қолға алды. «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілеріне арналған бұл жоба балалар мен жасөспірімдердің даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және дұрыс мамандықты таңдап игеруді қолдауға, сонымен қатар жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету арқылы өз идеяларын, ой-қиялдарын іс жүзінде жүзеге асыруға көмектесуді көздейді. Алғашқы ашық мотивациялық кездесу «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығында «Бала құқығы – асыл қазына» тақырыбында ұйымдастырылды.

Шара барысында бағдарламаның мақсаты мен бағыты таныстырылып, «Біз не істеуге құқылымыз?, Не істеуге міндеттіміз?» сұрақ-жауап, «Мен өз іс-әрекеттерім үшін жауаптымын» тақырыптарында «Анаға тағзым» орталығының психолог маманы А. Назымбекова психологиялық тренинг өткізсе, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының «Балауса» циркінің әртісі Талап Таубеков балаларды сиқыр әлеміне жетеледі. Жас ақындарымыз Нурланов Ерлан Керімжанұлы және Сымбат Сұлтан балаларға арналған жыр шумақтарын оқыса, мекеме тәрбиеленушілері «Қара шекпен» театрландырылған көрініс көрсетті. Кеш соңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтіп, мекеме басшылары аталған жоба аясында бірге жұмыс атқаратындықтары туралы келісім жасасты.