Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары филармония оркестрімен танысты

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары филармония оркестрімен танысты

27 ақпанда Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің жұмысымен танысып, өнерін тамашалады. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері, Мәдениет саласының үздігі Дулат Байзілдаев ұлттық аспаптардың ерекшеліктерін көрсетіп, өнер ұжымының шығармашылығымен бөлісті. Мектеп оқушылары ұлттық аспаптарды ұстап, ойнап көрді. Өнерге қызығушылығы бар өнерпаздар да қатардан табылып, алдағы өтетін оркестрдің концерттеріне қатысуға нитеттерін білдірді.