«Кездер-ай» атты ретро әндер кеші өтті
18 қазан сағат 18.30-де «Баласағұн» ОКЗ-да К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының жаураған жүректерді жылытатын, құлазыған көңілдерді жұбататын «Кездер-ай» атты ретро әндер кеші өтті.
Кештің басты мақсаты – сан жыл уақыт өтсе де, қасиетін жоғалтпаған әндердің қадірін жас ұрпаққа насихаттау, 70-80-90 жылдардағы қазақ әндері мен өзге тілдердегі есті әндерді жастарға таныту. Сатирик, жазушы Шона Смаханұлы мен композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығын, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі Б Төлегенованың 95 жас мерейтойын, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның 70 жылдығын насихаттау, шығармашылығын қайта жаңғырту. Қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.






18 Қазан 2024
333
26 Сәуір 2019