«Филармония тартуы» атты жылдық қорытынды концерт өтті
20 желтоқсанда «Баласағұн» ОКЗ-да Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Филармония тартуы» атты жылдық қорытынды концерті өтті.
Кенен ата филармониясы көптеген таланнтты жастарды елге таныта білген ұжым. Өңірдің рухани қара шаңырағына айналған 56 жыл тарихы қалыптасқан Филармонияда Ұлт аспаптар оркестрі, «Алатау» фольклорлық ансамблі, «Ақкербез» би ансамблі, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Балауса» цирк ұжымы, «Тараз» және «Жамбыл» триолары және 4 ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері, 25 Мәдениет саласының үздіктері, жекелеген әртістер құрамы жыл бойында шартарапты шаттыққа бөлеп келді.
Жылдың қорытынды концертін “JAMBYL” телеарнасы бейнетаспаға түсірді.