Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Д.А.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолдары!» атты кездесу өтті

«Д.А.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолдары!» атты кездесу өтті

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен, қазақ халқының маңдайына біткен ұлы тұлғаларының бірі – үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 113 жыл толуына орай, оның өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында маңызды шара өткізілді.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолдары туралы терең мағлұмат беру мақсатында Төле би атындағы №8 гимназиясында «Д.А.Қонаевтың өмірі мен еңбек жолдары!» атты кездесу жиыны ұйымдастырылып, арнайы көрме жасақталды. Бұл шара қазақ халқының тарихында айрықша із қалдырған ұлы тұлғаның өмірін жаңа буынға таныстыру, жастардың бойында патриотизм мен ұлттық рухты ояту үшін зор маңызға ие болды.

Кездесуге Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесі төрағасы Қибат Асқарбеков, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ, тарихшы Серікбай Алиев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Бақыт Шағырбаев сынды құрметті қонақтар қатысып, өскелең ұрпаққа Д.А.Қонаевтың өмірі мен елімізге сіңірген зор еңбектері туралы тағылымды мәліметтер берді. Дінмұхамед Ахметұлының еліміздің өркендеуіне қосқан үлесін, халықтың игілігі үшін жасаған елеулі істерін терең ұғындыру мақсатында өткен бұл жиынның маңызы ерекше.