Тараздың төрінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті
1 сәуірде «Баласағұн» ОКЗ-да К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық Қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Ән мен күйдің әсемқоңыры - Нұрғиса» атты концертті өтті.
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын атап өтудің негізгі мақсаты – оның ұлы мұрасын дәріптеу, қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесін ұрпақ жадында сақтау және кейінгі буынға насихаттау; Ұлттық мәдениетті дамыту; Жас ұрпаққа музыкалық мұрасын таныту.
Дара тұлғаның шығармалары қазақ музыкасының алтын қазынасы. Оның күйлері, әндері, оркестрлік шығармалары халықтың рухын көтеретін асыл мұраларымыз болып саналады.
Концертте өнер көрсеткендер: республикалық конкурстардың лауреаты «Бозторғай» үлгілі би ансамблі, жетекшісі: Айдос Хожанов, Жамбыл ауданы, М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары, «Ақкербез» би ансамблі, қоюшы балетмейстері: Мәдениет саласының үздігі Айжан Қонарбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағырбаев, Мәдениет саласының үздіктері: Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров, Мадина Сағынбекова, Айгүл Мақашова, Әсел Уашева және Динара Диханбаева, республикалық конкурстардың лауреаты «Кәусар» вокалдық ансамблі, хормейстері: Мақсат Ділтан, оркестр солистері Дидар Басықараев, Фариза Мадияр, Назым Ахметова, Айман Шерметова, Перизат Беделбаева , Ақниет Асқар, Анель Турлықбаева және Қазақ халық аспаптар оркестрі, көркемдік жетекшісі әрі Мәдениет саласының үздігі Дулат Байзілдаев.
Кеште композитордың «Ата толғауы», «Көш керуен», «Көңілді бикеш», «Бауырлаштарым», «Ақсақ құлан», «Баламишка», «Алтын дән», «Жеңіс салтанаты», «Әлқисса», «Махамбет» поэмасы күйлері, «Кел, еркем, Алатауыңа», «Аралдағы жеңеше», «Куә бол», «Жүрегім менің», «Саржайлау», «Әке туралы жыр», «Құстар әні», «Өз елім» әндері орындалды.
Сазды кешті тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары өнер ұжымына шексіз ризашылықтарын білдірді.