«Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші өтті
22 мамырда К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Алатау» дәстүрлі өнер театрыны ұжымымен меморандум негізінде «Әкем – тірегім, анам жүрегім» атты іс-шаралар жоспарының негізінде сағат 14.00-де «Әгугай мен Игигай» музыкалық ертегісі, ал 19.00-де «Алтыбақан» ойын-сауық ән кеші өтті. Игі шаралар «Баласағұн» ОКЗ-да өтті. Тараз тұрғындары мен қонақтары өнер ұжымдарына ризашылықтарын танытты. «Алатау» дәстүрлі өнер театры — Қазақстандағы ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған бірегей мәдени мекеме. Басты мақсаты — қазақтың дәстүрлі өнерін: айтыс, терме, жыр, күй, халық әндерін, салт-дәстүрге негізделген қойылымдарды сахнада жаңғырту болып табылады. Бүгін театр - шығармашылық меморандум негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының «Баласағұн» ОКЗ-да жамбылдық көрермендерге шаттық пен тамаша кеш сыйлайды.