Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының "Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы" КМҚК

Мекенжай

Тараз қ, Төле би көш, 89

Байланыс Телефоны

+7 (7262) 34-29-59

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мерекелік шара өтті

Балалар – ел ертеңі, ұлт болашағы. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысында ерекше мазмұндағы мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Игі бастамаға облыстық Қоғамдық келісім мекемесі ұйытқы болып, балаларға шаттық пен қуаныш сыйлады. Мерекелік кештің шырайын келтірген – Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы дайындаған «Бала – бақыт, бала – байлық» атты әсерлі концерт болды.

Филармония өнерпаздары мен қала өнерпаздары бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, балауса жүректерге қуаныш сыйлады. Шара барысында түрлі конкурстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Ән мен күйден шашу шашылып, өнер арқылы мейірім мен ізгілікке толы орта қалыптасты.

Облыстық қоғамдық келісім мекемесі мен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының арасындағы шығармашылық байланыс осындай мағыналы бастамалар арқылы қалыптаса беретіні сөзсіз.

Құрметті балақайлар, мерекелеріңіз құтты болсын!