Таразда Ту көтеру салтанатты шарасы өтті
Маусымның 4 жұлдызы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Мерекеге орай қаламыздағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Ұлттық рәміздер – ұлт мақтанышы!» атты салтанатты Ту көтеру рәсімі өтті.
Аталған жиынға жамбылдық жұртшылықпен қатар өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері де қатысып, бір мезетте ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады.
Салтанатты іс-шара аясында облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы түрлі салада қызмет етіп, өңірдегі патриоттық тәлім-тәрбие мен отансүйгіштікті насихаттауда қосқан үлестері үшін бір қатар азаматтарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыстады.
Жиын К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы мен өнерпаздардың «Рәміздер – мақтанышымыз!» атты концерттік бағдарламасымен өз мәресіне жетті.