Жамбыл өнерпаздары Семейде Абайды ұлықтады
10-11 тамыз күндері Абай облысының Семей қаласында, Абай ауданы, Қарауылтөбе елді-мекенінде өткен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған салтанатты концерттерде К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы әртістері: "Тараз" триосы, Динара Диханбаева, Мадина Бердиярова және Ербосын Қасымбеков өнер көрсетті.
Мұндағы мақсат - Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өту арқылы оның рухани мұрасын ұлықтау, өскелең ұрпаққа даналық сөздері мен ұлағатты ойларын насихаттау, сондай-ақ қазақ халқының классикалық поэзиясы мен ұлттық музыкасын дәріптеу. Сонымен қатар өңіраралық мәдени байланыстарды нығайтып, Жамбыл облысы өнерпаздарының өнері арқылы ел ішіндегі рухани бірлікті, мәдени алмасуды арттыру.



14 Тамыз 2025
537
26 Сәуір 2019