Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін құттықтады
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы 21 мамыр – Мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен сала мамандарын, мәдениет және өнер саласының ардагерлерін, қайраткерлерін құттықтады.
«Құрметті өнер және мәдениет қайраткерлері, ардагерлері, шығармашылық өкілдері, қымбатты әріптестер! Бүгінгі Мәдениет және өнер қызметкерлері күні құтты болсын! Ақын-жазушыларымызға, суретшілерімізге, барша мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне алғыс айтамыз! Қанаттарыңыз талмасын, өнерлеріңіз өрлей берсін! Қазақ өнері сіздердің арқаларыңызда дүнежүзіне таныла берсін», - деді министр.
Өнердің, мәдениеттің, шығармашылықтың, кітапханалардың мемлекеттік даму жолында атқарар рөлі маңызды. Министрдің құттықтауымен басталған мерекені сала мекемелері іліп әкетіп, бір-бірін құттықтауда.